Сағынтаев тау туризмінің қауіпсіздігімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тау туризмінің қауіпсіздігі мен жайлылығы және модульдік құрылым сияқты үйшіктердің қалай құрастырылып жатқанын тексерді. Бұл туралы әкім өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған. Ішінде алғашқы көмек көрсету жинағы, маршрут картасы, мобильді құрылғыны қуаттау стансасы, жылы көрпе мен азық-түлік жиынтығы бар. Шатырда SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне жіберетін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған - дейді әкім.
Таудағы қауіпсіздік шаралары шеңберінде Үлкен Алматы мен Тұйық су шатқалдарында бақылау-құтқару пункті ашылады.
Онда тікұшақ алаңын ашу да жоспарда бар. «Шымбұлақта» қысқы маусымға дайындық жүргізілуде – шаңғы трассалары мен қонақ үй жаңартылуда. Сондай-ақ визит-орталық ашылады. Бұдан өзге Medeu Park Hotel-ді құру, жаңартылған Qazaq Auyl экокешені мен альпинистердің сүйікті мекені – Тұйық су шатқалындағы глэмпингті құру жобаларымен таныстым. «Медеудің» төменгі бөлігінде арқаны бар саябақ пен денсаулық жолы салынуда - деді Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада салығы төленбеген автокөлік тәркіленді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы