Алматыда жаңа жылдық отшашу болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында жаңа жылдық от-шашу болмайды. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жылдық безендіру болмайды. Бөлінген ақша бюджетке қайтарылған. 

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын іске асыру мақсатында 2020 жылы мәдени іс-шараларға және қаланың жаңа жылдық безендірілуіне бөлінген негізгі бюджеттік қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды. Ол қаржы эпидемиямен күресуге жұмсалады,  - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Осыған байланысты жаңа жылды қарсы алуға арналған іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ ағаштар орнатуға және көшелерді безендіруге ақша бөлінбеді.

Баспасөз қызметі  сонымен қатар былтырғы ағаштар қалпына келтіріліп, 16 желтоқсаннан кейін орнатылатынын атап өтті.

Биылғы жылы пандемияға байланысты Алматы әкімдігі ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мереке күндері ведомствоға бағынысты мекемелер 25 іс-шара ұйымдастырды. Олардың көпшілігі онлайн режимінде өтеді. Ал дәстүрлі форматтағы іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Биыл ешқандай жаңа жылдық отшашу болмайды, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы