Сағынтаев отставкаға кетуді талап еткен петицияға жауап берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Кәсіпкер әрі журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында Алматы әкімі тұрғындардың жұмыстан кету жөніндегі петициясы және қасіретті қаңтар кезіндегі жағдай туралы баяндады.

Петиция авторлары қаңтар трагедиясында қала әкімі Б. Сағынтаев халық алдына шықпады, ешқандай үндеу де жасамады деп сынға алған болатын. 

Сұхбат барысында Сағынтаев 5 қаңтар күні таңертең ресми мәлімдеме жасағанын атап өтті. Тәртіпсіздік басталып, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалғанда ол әр сағат сайын мәлімдеме жасап, оған уақыт кетіргісі келмегенін жеткізді.

Мүліктерді сақтау, қауіпсіздік бойынша басқа нәрселермен айналысу керек болды. Бізде күш болмады, оларды әкелу үшін Қорғаныс министрімен, Ішкі істер министрімен және әкімшілік басшысыларымен сөйлесуге тура келді. Маған қарсы сын айтылатынын да түсіндім. Алайда ол кезде өз имиджімді емес, азаматтардың қауіпсіздігін ойладым. Қолымнан келгеннің бәрін жасамасам және қаланы қорғау үшін қосымша күштер әкелмесем, онда мен мұнда не үшін отырмын?,- деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ ол тұрғындардың Алматы әкімі міндетінен кету жөніндегі петицияға қатысты ойын айтты.

Ол кезде сын болатынын түсіндім. Әрине, бәрі біткен соң сынау мен петиция пайда болды. Мен де адаммын, ары қарай жұмыс істеу керек, сондықтан жұмысымды жалғастырдым. Өйткені қаланы жылдам қалпына келтіріп, келтірілген шығынды өтеу қажет. Мен, өз міндетімді атқардым. Мен өз жауапкершілігімді түсіндім, не істеуім керегін және қаланың бүкіл тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қажеттігін білдім,- деді Сағынтаев.  
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы