Сағынтаев Қазақстандағы Жапония елшісімен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д. Ямаданы қабылдады.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д. Ямаданы қабылдады.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуды, сондай-ақ Алматы қаласы мен Күншығыс елінің префектуралары арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы мен Жапония арасындағы тауар айналымы 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсті және 177,2 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт - 0,3 млн доллар, импорт - 176,9 млн доллар. Мегаполисте 12 бірлескен және 40 жапондық кәсіпорын тіркелген.
Мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аясында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сияқты университеттер мен Жапонияның Цукуба университеті, Токио университеті және т.б. ынтымақтастық орныққан.
Қазақстандықтардың «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында жапондық 4 университетте білім алуға мүмкіндіктері бар.
Алматыда 2002 жылдан бастап «Нархоз» университетінің базасында адами ресурстарды дамытудың Қазақ-жапон орталығы жұмыс істейді.