Сағынтаев кәсіпорындар қызметін қайта бастау мәселесін талқылады
Алматы, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев Алматы Іскерлік кеңесінің отырысын онлайн режимде өткізіп, онда карантин жағдайында кәсіпорындардың қызметін қайта бастау мәселелерін талқылап, кәсіпкерлермен ақылдасты.
Онлайн жиналысқа Алматы қаласының Іскерлік кеңесіне кіретін "Атамекен" ӨКП, банк секторы, даму институттары, өндірістік және сауда компанияларының басшылары қатысты.
Кездесу барысында Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары талқыланды.
Сонымен қатар, Алматыда орналасқан отандық тауар өндірушілердің жеке қорғану құралдарын, оның ішінде медициналық бетперделер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәселелері көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шелек ауылында бір отбасының 6 мүшесінен инфекция анықталды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы