Сағынтаев індеттің жаңа толқыны басталуының ықтималдығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл қауіп карантин шараларын сақтамаған және вакциналануды елемеген жағдайда орын алуы мүмкін еске салды.
Алматы «жасыл» аймаққа көшті, бірақ бұл коронавирус инфекциясы дертінің жаңа толқынының қауіпті екенін жоққа шығармайды. Бүгінде Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы жалғасуда. Жыл басынан бері КВИ-дің 162 172 оқиғасы тіркелді, соңғы аптада – 1 073, ал өткен тәулікте – 119 жағдай. Эпидемиологиялық процестің қарқыны жөнінде ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 13 қарашада қала ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап «сары» аймақтан «жасылға» өтті. Бұл қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің 56,2%-ының (вакциналанғандардың 48%-ы + жыл басынан бері ауырып сауыққандардың 8,2%-ы), сондай-ақ шектеу шаралары мен карантиндік ережелерді сақтаудың арқасында мүмкін болды, - деді ол.
Сағынтаев атағандай, КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін «сары» аймақтағы талаптарды сақтауды «жасылға» көшкеннен кейін кемінде 7 күн бойы жалғастыру қажет.
Объектілер мен қоғамдық орындардағы «сары» аймақтың талаптары 21 қарашаға дейін сақталады.Осыған орай Алматы әкімі Сағынтаев қала тұрғындарын COVID-19 қауіпті екенін ұмытпауға шақырды. Еуропа елдерінде, сондай-ақ Ресейде дерттің жаңа өршуі байқалады. Егер алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамаса және вакциналануды жалғастырмаса, онда КВИ дертінің жаңа толқынының қайталану қаупі сақталады.Бүгінде инфекциялық стационарларда 664 адам, оның ішінде 16 бала бар. Пациенттердің жалпы санының 27-сінің жағдайы өте ауыр, 307-сі ауыр, 330-ы орташа ауыр жағдайда. 1 227 пациент үйде АМСК-тің мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында,- деді ол.