Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің аккаунтында Францияның MEDEF International бизнес-қауымдастығымен кездесуінің онлайн форматта өткенін айтты.
Инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарадық, - деп жазды Алматы әкімі.
MEDEF – «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы.
Ол барлық саладағы 800 мың француз кәсіпорнын біріктіреді. MEDEF – Франция үкіметінің әлеуметтік және экономикалық келіссөздердегі серіктесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрліктер ашаршылық зардаптарын қалай зерттейтіні анықталды
Өзгелердің жаңалығы