Сағынтаев бейбіт шеру өткізуге қосымша жер сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихатқа тұрғындардың бейбіт шеруін өткізуге тағы бір орын бөлуді сұрады. Бұған дейін бұл мақсатқа "Сары-Арқа" кинотеатрының маңайынан жер бөлінген еді.
Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті жазды.
«Мен мәслихатқа бейбіт шеру өткізу үшін «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы гүлзардан басқа тағы бір орын бөлуді өтінемін», - деді қала әкімі.
Мегаполис басшысының айтуынша, бұл шешім қаладағы саяси және құқықтық мәдениетті жаңа сапа мен биік деңгейге көтереді.
Естеріңізде болса, Алматы қаласында өтетін бейбіт шерулер «Сары-Арқа» кинотеатрының маңындағы гүлзарда өтетін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртаудағы өрт. 700-ден астам саяжай жанып кетті
Келесі жаңалық
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы