Сағынтаев Алматының аудандарында салынатын жолдар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында мегаполис аудандарындағы жолдарды жөндеу мен салудың қарқыны туралы айтты.

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының 8 шағын ауданындағы (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Нұршашқан, Құрамыс, Әлмерек, Қайрат, Алғабас) 415 көшеде 108 шақырымдық жаңа жолдар салынуда. Бұл шағын аудандарда 153 мыңнан астам тұрғын бар. Мысалы, Алатау ауданында биыл ұзындығы 45,2 шақырым 43 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу, сондай-ақ, Шаңырақ-5, Самғау, Өжет, Шаңырақ-1, Алғабас сияқты 5 шағын ауданда ұзындығы 62,8 шақырым 257 көшеге жол салу жоспарланған. Теректі, Боралдай, Мәдениет шағын аудандарында ұзындығы 81,3 шақырым жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде.Бұрындары бұл шағын аудандардың кейбіреуінде асфальт жол мүлдем болмаған. Өткен жылы ауданда 42,4 шақырым жаңа жолдар салынды, 75,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді, - дейді Б.Сағынтаев.

Ол Түрксіб ауданында ұзындығы 13,5 шақырым болатын 20 көшедегі жолдарды орташа жөндеуден өткізу, сондай-ақ, Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарында ұзындығы 48,7 шақырым болатын 149 көшеге жол салу жоспарланғанын атап өтті. Өткен жылы ұзындығы 10,7 шақырым болатын 14 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 шағын ауданда ұзындығы 48,7 шақырым болатын жол салу үшін ЖСҚ жасалды деп отыр.

Наурызбай ауданында ұзындығы 25,7 шақырым болатын 18 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Таусамалы шағын ауданындағы ұзындығы 1,2 шақырым болатын Қонаев көшесін екі жолақтан төрт жолаққа дейін ұлғайту жоспарлануда. Құрамыс шағын ауданында 4,9 шақырым жол салу жоспарланған. Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы ұзындығы 52,3 шақырым болатын 89 көшеге жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Өткен жылы Қарғалы, Қалқаман-2, Тастыбұлақ шағын аудандарындағы ұзындығы 22,2 шақырым болатын 35 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Бостандық ауданындағы Көкшоқы (3,1 шақырым), Асқартау (1,5 шақырым), Бағанашыл-2 (1,2 шақырым), Ақтөбе (1,6 шақырым). Ерменсай (3,2 шақырым), Алатау (4,4 шақырым), Нұрлытау (2,6 шақырым) шағын аудандарында 7,4 шақырым жол салу жоспарланған. Ерменсай (3,2 шақырым), Алатау (4,4 шақырым), Нұрлытау (2,6 шақырым) шағын аудандарында 10,2 шақырым жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Сондай-ақ ұзындығы 17,1 шақырым болатын 17 көшенің жолдарын орташа жөндеу жоспарланған. Оның ішінде ұзындығы 3 шақырым болатын Сәтбаев көшесі Щепетков көшесінен Манас көшесіне дейін магистральді жол болып саналады. Өткен жылы ұзындығы 20,2 шақырым болатын 43 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, 3 бағдаршам салынды.

Медеу ауданында ағымдағы жылы ұзындығы 58,5 шақырым болатын 50 көшедегі жолдарды жөндеу жоспарланған. «Думан» шағын ауданындағы ұзындығы 27,4 шақырым болатын 53 көшеде жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 25 шақырым болатын 28 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді; Думан шағын ауданындағы ұзындығы 3,1 шақырым болатын Хантәңірі, Қазығұрт, Ақмешіт, Бурабай, Қарқаралы, Болашақ көшелеріндегі жолдар күрделі жөндеуден өтті.

Жетісу ауданында жолдарды орташа жөндеу ұзындығы 22,4 шақырым болатын 23 көшеде жүргізілді. Солтүстік айналым - «Адем» СҮ, Солтүстік айналым – Қарасу шағын ауданы, Солтүстік айналым – Шоссейная көшесі қиылыстарына 3 жер үсті өпелі жолдар салынды. Кемел шағын ауданда жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Ұзындығы 18,2 шақырым болатын 11 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Кемел шағын ауданында ұзындығы 8,8 шақырым болатын 30 көше салу бойынша ЖСҚ әзірленуде. Әуезов ауданында ұзындығы 28,1 шақырым болатын 61 көшеде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Таугүл-3 шағын аудандағы 42 көшеде 18,2 шақырым жол салынды. Биыл ұзындығы 27 шақырым болатын 34 көшедегі жолдарды жөндеу жоспарланған.

Алмалы ауданында ұзындығы 14,7 шақырым болатын 19 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, 8 бағдаршам салынды. Әйтеке би көшесі бойымен Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Биылғы жылы орташа ұзындығы 20,2 шақырым болатын 14 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Алматыда ілеспе көлік инфрақұрылымына қатысты 17 шақырым арық пен 83 шақырым тротуар жөнделді. 2021 жылы 96 шақырым тротуар мен 22 шақырым арық желісін жөндеу жоспарланған.

Бұдан өзге, 2021 жылдың 6 айында 38,3 шақырым тротуар мен 11,4 шақырым арық желісі жөнделді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы