Сағынтаев: 10 кітапхана толықтай жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің кітапхана жүйесін модернизациялау жалғасуда.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында кітапханаларды жаңарту және олардың базасында балалар мен жастарға пайдалы бос уақытты өткізу орталықтарын құру туралы айтты.

Өткен жылы кітапханалар жүйесін жаңғыртуды бастап, 10 кітапхана толықтай жаңартылды. Қазір бұл орындар шаң басқан кітап қоймасы емес, заманауи кітап үйіне айналды. Алтынсарин даңғылы, 37 мекен-жайында орналасқан қазақстандық жазушылар кітапханасына барғанымда әкімдіктің қолдауымен шығарылған сөз шеберлерінің басылымы таныстырылды. Жалпы таралымы 65 мың дана болатын 30 түрлі кітап қаланың барлық кітапханаларына таратылды, - деп жазды әкім.

Сағынтаев Алатау ауданындағы жаңартылған №44, Түрксібтегі №26 мен №1 кітапханаларда болды.

Сондай-ақ Алатау ауданындағы жаңартылған №44, Түрксібтегі №26 мен №1 кітапханаларда болдым. Кітап сақтаудың заманауи жүйесі ондағы бос аймақты тиімді пайдалануға, яғни шығармашылық, шеберлік сыныптарын, отбасылық оқу сағаттарын өткізуге орын бөлуге мүмкіндік береді. Біз кітапханалардың жұмыс уақытын барынша ұзартып, демалыссыз қызмет көрсетуіне тырыстық. Кітапхананың барынша қолжетімді әрі келушілер үшін қызықты болуына мән бердік, - деп жазды Сағынтаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы