Садыр Жапаров жиенінің ұсталғаны туралы: Қалған туыстарыма сабақ болсын

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиенінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Ұлан Жапаровты кедендегі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Ұлан Жапаров Садыр Жапаровтың туысқан ағасының ұлы. Қазір ол тергеу изоляторына орналастырылды.

Қалған туыстарыма сабақ болсын. Кім болса да, жемқорлыққа қатысың бар болса, ұсталасың. Мемлекетке екі есе көп шығын төлейді, сонда ғана шығады. Төлемесе түрмеге түседі. Қырғыздарда «Бірге жаза – мыңға сабақ» деген сөз бар. Міне, менің пікірім, - деді Садыр Жапаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы