Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің күні анықталды, деп хабарлады Prosports.kz.
Eye of Tiger Management командасы Instagram-дағы парақшасында Ахмедовтің жекпе-жегі туралы хабарлады.
Ұйым Садриддин Ахмедов (12-0-0, 11 КО) және кіші Ив Улиссес (19-2-0, 10 КО) қатысатын бокс кешінің кардын қуана ұсынады. 16 шілдеде Gervais Auto орталығында, Шавиниган, Канада, – деп жазды ақпарат көзі.Ахмедов соңғы жекпе-жегін қаңтарда өткізіп, голландиялық Стивен Данжоны жеңіп, орта салмақтағы WBC Francophone, WBA Continental және NABF титулдарына ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанаға күресуге келген балуанды пышақтап кетті
Өзгелердің жаңалығы