Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орта салмақта WBC «жастар» титулына ие Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) бокстасады.
Бұл кездесу 29 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді.
Ахмедовтың ісін жүргізетін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.
Садриддин жас және бұл оның карьерасындағы алға бір қадам. Даньо – өте мықты ардагер, сондықтан бұл сұмдық жекпе-жек болады, – дейді промоутер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халықтың осал топтары үшін вакцинация тегін болады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы