Садриддин Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін қаңтарда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Сарбаз Q» 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде нидерланд спортшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBA Continental титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 7 желтоқсанында Монреальда (Канада) өткізген. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа жіберді.

Қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов WBC тұжырымының екі белбеуіне ие - жастар арасындағы әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия чемпионы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы