Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді
Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-та өткен кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.
Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек небәрі бір раундқа созылып, қазақ боксшысының айқын жеңісімен аяқталды.
Садриддин қарсыласын алдымен нокдаунға жіберген. Рефери кездесуді жалғастыруға рұқсат бергені сол екен, ол Антонио Тодды ауыр соққыларымен төпелей жөнелді. Мұнан соң төрешінің жекпе-жекті тоқтатуына тура келді.
26 жастағы Садриддин 2022 жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған. Ол соңғы рет Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, африкалық қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Жуырда қазақ боксшысы америкалық промоутермен келісімшарт жасасып, мансабын сол елде жалғастыратын болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада бірнеше автобустың қозғалыс кестесі өзгерді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы