Садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр
Астанада садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. 7 мен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар екі күн бойы нысанаға дәл тиюден өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымдастырушылар қазақтың байырғы спорт өнеріне жасөспірімдердің қызығушылығы артып келе жатқанын айтады. Республикалық додаға әр өңірден 170-ке жуық жас мергеннің жиналуы осыған дәлел.
Бұл балалардың арасында тұңғыш рет бөлек ұйымдастырылып жатқан чемпионат. Бұл чемпионатқа 15 өңірден балалар жиналып отыр. Балалар 7,8,9 жас – 10,11,12 жасқа бөлінген әр категория бойынша. Қалқан нысанасы бойынша, пута нысана бойынша және біздің қазақтың жамбы қозғалатын балалар өздерінің бақтарын сынайтын болады, – деді республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Диас Ахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлдағы қатты желдің салдарынан 9 үй жанып кетті
Өзгелердің жаңалығы