Садақ атудан Қазақстан құрамасы Тайландта Азия кубогіне қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық садақшылар Тайландта Азия кубогіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, 15 наурыз күні Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогі басталды. Аталған жарысқа Қазақстан сапынан барлығы алты спортшы қатысып жатыр. 

Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Диана Тұрсынбек, Фарида Түкебаева және Алина Ильясова құрлықтық додада ел намысын қорғауда.

Айта кетейіік, садақ атудан Азия кубогі 18 наруызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы