Садақ атудан Әлем кубогіндегі отандық мергендердің қазіргі көрсеткіші қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Классикалық түрде садақ ату сынынан соң компаунд бойынша бәсекелер басталды, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында сынға түскен Рустам Қарабаев 42-ші, Ақбарәлі Қарабаев 47-ші нәтиже көрсетті. Бұл тартысты бәсекеде америкалық Мэтт Суливан топ жарған. 

Әйелдер арасында қазақстандық Мария Өмірзақова 32-орынға тұрақтады. 

Еске сала кетейік, классикалық түрде садақ атудан Шанхайдағы турнирде Денис Ганькин алғашқы ондыққа енген болатын. 

Бұған дейін 4-13 мамыр аралығында садақ атудан Қытайдың Шанзай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің екінші кезеңінде еліміздің намысын қорғайтын мергендердің толық тізімі белгілі болған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы