Садақ атудан ел чемпионатына 100-ге жуық спортшы қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» олимпиадалық орталығында садақ атудан кезекті ел чемпионаты басталады деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге еліміздің сегіз өңірінен жүзге жуық спортшы қатысады. Ұйымдастырушылар коронавирус індетіне байланысты жарыс ережесіне көптеген өзгертулер енгізді. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан біріншілігінің салтанатты түрде ашылу және жабылу салтанаты өткізілмейді. Сондай-ақ, бапкерлер мен спортшылар қатысуымен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылмайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде де барлық талаптар сақталады. Турнирге қатысатын спортшылардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсетуі керек. Тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда, спортшы жарысқа қатыстырылмайды. 

Әр команданың қасында өз дәрігерлері жүреді. Олар қатысушылардың денсаулығы туралы ұйымдастырушыларға хабарлап отыруға міндетті.

Чемпионаттың финалдық кезеңі 3 қарашаға жоспарланған.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы