Таза болу үшін де қомақты ақша кетеді. Елде сабын қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде жеке және тұрмыстық гигиена құралдары айтарлықтай қымбаттады. Кір жуғыш ұнтақ биылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға, кір сабын бірден 12,6%-ға қымбаттаған.

Иіс сабынның бағасы 11,3%-ға, ал балаларға арналған сабынның бағасы бірден 14,1%-ға өскен. Сусабын 2021 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша жылына 9,2%-ға, тіс пастасы 9,4%-ға қымбаттаған.

Бұған дейін бұл сектордағы бағаның елеулі өсуі тек «девальвациялық» 2016-2017 жылдары болған.

Еліміздің ірі қалалары арасында кір жуғыш ұнтақ үш басты мегаполисте қымбат тұрады: Шымкент, Нұр-сұлтан және Алматы. Балаларға арналған сабынның бағасы да осы үш бас қалада қымбат болып тұр.


Кір сабынның бағасы Шымкентте, Нұр-Сұлтанда және Ақтауда қымбат. Ең қымбат иіс сабын Семейде, Нұр-Сұлтанда және Таразда екен.

Ranking.kz сайтының мәліметінше, Алматы, Павлодар және Ақтөбе қалаларында сусабынның бағасы шарықтап тұр, Алматы, Өскемен және Тараз қалаларының тұрғындары тіс пастасын басқа қалалардың тұрғандарына қарағанда қымбатқа сатып алады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы