Сәбиттің досы Сағи да марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге қызды сегізінші қабаттың терезесінен құлаудан құтқаруға қатысқан батыр Сағи Жылқышиев марапатталды.
Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, 8-қабаттың терезесінде ілініп тұрған баланы көріп, оны құтқарып қалған еді.
Олар 7-қабатқа көтеріліп, Сәбит терезеден шығып, баланың аяғынан тартып түсіріп алды.
Біз айқайды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік, - деп атап өтті Сағи Жылқышиев.
Екі дос сәбидің өмірін сақтап қалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы