Сәбит Исмұратов: Референдумді тың қадамдарға бастайтын жол ретінде көреміз

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қостанайлық қоғам белсенділерімен жүздесті.

Жиынды «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының төрағасы, М.Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті Сәбит Исмұратовтың ашып, елміздегі соңғы уақыттағы тың өзгерістердің маңызына тоқталды. 

Ауыл шаруашылығының ел экономикасының ірі және маңызды салаларының бірі. Диқандар күнделікті адам баласына қажетті азық – түлік өндірушілер үшін негізгі шикізатпен қанымдап отыр. Осы тұрғыдан алғанда күн-түн демей қысы-жазы қара жердің бабымен жүрген ауыл шаруашылығы саласының мамандарын ынталандыру мен қолдау еліміздің басты міндеттерінің бірі екенін естен шығармау керек. Алда болатын мемлекеттің негізгі заңындағы түзетулер кенжелеп қалған саланы алға жылжытады деп сенеміз. Референдумді тың қадамдарға бастайтын жол ретінде көреміз, - деді өз сөзінде Сәбит Парызұлы .

Сондай-ақ, басқосу барысында жиналғандар алдағы 5 маусымда болатын референдумдағы Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар тұрғынысында еркін пікір алмасты. Тұрғындар арасында өткір пікір туғызған Ата заңның кейбір баптары бойынша жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірілді. Басқосуда пікір білдіргендердің басым бөлігіи еліміз үшін алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп. Жерлестерін елдің дамуы мен тұрақтылығын айқындайтын сәтте белсенді болуға шақырды. 

Кездесуге қатысушылар тарапынан да референдум өткізуді, сондай-ақ ҚР Конституциясына түзетулер енгізу қажеттігі орында екенін жеткізді. 

«Ауыл» партиясын тұрақты табыс, сапалы медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құқықтар мен бостандықтарды қорғау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер әрқашан айтып келеді. Біздің партия мемлекет басшысының саясаты мен референдум өткізу жөніндегі шешімін толық қолдайды»,- деп түйіндеді «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Сәбит Исмұратов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы