Сабина Алтынбекованың командасын лигаға қатыстырмай қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қазақстандық волейбол ойыншысы Сабина Алтынбекова Италиядағы карьерасына қатысты жаңалықпен бөлісті.
Биылғы жылдың 4 шілдесінде отандасымыз "Волалто Казерта" командасына ауысқан еді.
Виза дайын, билет брондалып қойған. Оқу-жаттығу жиындары өткен. Бір өкініштісі, Италияның "Волалто Казерта" командасын лигаға қатыстырмады. Биылғы маусымнан тыс қалды. Өте өкінішті жағдай. Сәттілік тілеймін! Енді менің командам басқа нұсқаларды қарастырып көреді, - деп жазды Сабина Instagram парақшасындағы "сторисінде".
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде "Волалто Казерта" өзінің ресми сайтында спортшымен екі жылға келісімшартқа отырғанын жариялады. Команда жаңа маусымда Италияның А1 әйелдер сериясында ойнауы керек еді.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынбекова БАӘ-нің "Әл-Васл" клубының намысын қорғаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы