Сәбиді құтқарған Сәбит Шонтақбаев: Мен үшін баршаңыз патриотсыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумында «Жыл патриоттары» марапатталды.

Марапатталғандар қатарында осыдан бірнеше апта бұрын бүкіл әлемге ерлігімен танымал болған Сәбит Шонтақбаев бар. Оған «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша марапат табыс етілді.

Батыр Сәбитке марапатты Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков берді.

Салтанатты жиында Сәбит Шонтақбаев көрсеткен сый-құрметтері үшін отандастарына алғысын айтты.

Құрметті бауырлар, достар! Баршаңызды патриоттар форумында көргеніме қуаныштымын. Маған осындай ілтипат білдіріп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға мың алғыс. Десе де мен өз әрекетімді үлкен ерлік деп есептемеймін. Мен орнымда кез келген қазақстандық көмектесер еді. Халқымыздың бойында мейірімділік, жақынға жанашыр болу сияқты ерекше қасиеттері бар. Өз отбасын, жақындарын, тіпті көршілерін сыйлай білетіндерді патриот деп есептеймін. Осы жерде отырған баршаңыз мен үшін патриотсыздар! - деді Сәбит Шонтақбаев.

Ол отанымызға адал қызмет етуге шақырып, отандастарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарияның марапат алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, патриоттар форумында сегізінші қабаттан үш жасар қызды өз өмірін қатерге тігіп баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев та марапатталды. Сондай-ақ «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша Ұлан Мырзабай «Жыл патриоты» атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы