Сабантой салтанаты
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Аталмыш шара Тобыл өзенінің жағалауындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағында өтті.
Аталмыш бауырлас башқұрттар мен татарлардың мерекесіне жиналған қостанайлықтардың қарасы қалың болды. Оларға тіптен ауа райының қолайсыздығы да кедергі бола алмады.
Белгілі себептермен Татарстаннан келген қонақтардың кідіруіне байланысты, шараның ресіми ашылуы сәл кешігіп басталғаны сабантойға жиналған жұршылықтың көңілін түсіре алмады. Қайта Қостанайдың түпкір-түпкірінен жиналған түбі бір бауырлас ұлттың ұрпақтары бір-бірін мерекемен құттықтап мәре-сәре болып жатты.
Сабантойдың ресми бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жандандыруға үлес қосып жүрген бір топ өнер, білім, ғылым, кәсіпкерлік саласындағы қостанайлық белсенділер Алғыс хатпен марапатталды. Ондан кейін Татарстан республикасы басшысының бауырлас қазақ елін мерекемен құттықтаған арнайы жеделхаты оқылды. Сабантой Татарстан мен жергілікті өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.
Олардың арасында Татарстанның танымал әртістері Мұса Камалов, Лилия Гиматдиновалар Қостанай сахнасында алғаш рет ән шырқады.
Қостанайлықтарға менің орындаған әндерімді жылы қабылдады. Олар тіпті татар әндерінің сөздерін де түсіп отырды. Қанша айтқанмен тамырымыз бір бауырлас елміз ғой. Бұл маған шабыт сыйлады. Жалпы, сабантой бұл – барлық адамдар үшін мереке. Мен мұндағы көрермендер арасынан түрлі халықтың өкілдерін байқадым, бұл біріліктің белгісі, - дейді Татарстанның танымал әншісі Мұса Камалов.
Сонымен қатар осы саябақтың қосымша алаңында спорттық жарыстар да өтіп жатты. Тойға жиналғандар тартардың «Қүряшы» ұлттық күресі, қол күрес, шәйнек көтеру турниерлерімен қатар халық ойындары – айраннан тиын табу, көзді жұмып ұзын таяқпен қазан сындыру секілді ойындарға қатысып жүлделерге ие болды.
Татардың ұлттық күресінен сынға түскен Әулиекөл ауданының тұрғындары ағайынды Тоқтар мен Талғат Жиентаевтар қарсылас шыдатпай жүлдеге тігілген екі қошқарды олжалады.
Биылғы мерекенің ерекшелігі індетке байланысты екі жыл үзілістен кейін өтуінде. Халық мерекені сағынып қалыпты. Бізге биыл Қазаннан арнайы қонақтар келді. Жыл сайын Татарстан» сабантой тойлауға әлемнің түкпір-түкпірінен әртістерін жібереді. Біз де одан қалыспаймыз. Ертең қонақтарға міндетті түрде қаланы көрсетеміз, экскурсия жүргіземіз, – дейді «Дуслық» татар-башқұрт этно-мәдени орталығының төрағасы Ринат Бектемиров.
Қонақтардың арасында «Қостанай және Қостанай облысы татарларының тарихы» кітабының авторы Зуфар Махмутов та бар. Раси Яушев екеуінің арқасында Қостанай татарлары туралы бірегей кітап жарық көріп отыр.
Сабантой соңында жұртшылық жергілікті «Дуслық» этно-мәдени орталығының мүшелері пісірген 20 келілік чак-чактан дәм татты.