Сағынтаев жаңадан ашылған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
Аға буынның белсенді өкілдері — бұрынғы оқытушылар, музыканттар, әртістер тәрбие жұмысына атсалысуда. Бүгінде олар Ардагерлер үйінде тұрады. Десе де, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында сабақ жүргізбек, - деп жазды ол instagram-дағы парақшасында.
Клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады. Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады.
Сондай-ақ, мұнда емдік дене шынықтыру және өзіндік дайындық сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған. Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз, - деп жазды әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та мыңдаған адам нәсілдікке қарсы наразылық танытты
Өзгелердің жаңалығы