Сағынтаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Медеу ауданының тұрғындары қала әкіміне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін "еркін микрофон" форматында Медеу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесті.Бұл — аудандар тұрғындарымен екінші рет жүздесу желісі, мұнда шағымдар тыңдалады және тиісті шешімдер қабылданады. Бұрындары осындай кездесулер Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу, Әуезов аудандарында өткен болатын.
Медеу ауданындағы кездесуге шамамен 450 адам жиналды. Өткен алғашқы кездесуге 300-ден аса адам қатысып, 80-ге жуық проблемалы сұрақтар қойған еді. Олардың қалай шешілгені туралы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов баяндады.
Абаттандыру мен жарықтандыру оң шешімін табуда. Мысалы, ағымдағы жылы 19 көшедегі сыртқы жарық желісінің құрылысы аяқталды, 1084 шам орнатылды. Келер жылы Медеу ауданында қалған 268 көше жарықтанады, 6200 шам орнатылады, сонымен қатар 27 аулаға 500 жарық нүктесі қойылады. Биылғы жылы 82 аула абаттандырылды,,, келер жылы 41 аулаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оспанов, Жамақаев, Сарыбай, Чаплин көшелерін су басып қалу мәселесін шешу үшін Орталық музей маңынан ұзындығы 5,1 км болатын арық желісінің құрылысы аяқталды. 16 көше бойынша ұзындығы 22 км болатын арық желілерін салудың жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, Кіші Алматы өзенінің жағалауын Шақшақ Жәнібек көшесінен Гоголь көшесіне дейін абаттандыру жоспарланған.
Жиі қойылатын сұрақтардың бірі - Тасты қырат, Мұзтау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай елді мекендері мен Аққайың ықшамауданын сумен қамтамасыз ету. Тасты қырат елді мекенін сумен қамтамасыз ету жүйесін салу келер жылдың көктеміне жоспарланған. Көлсай ықшамауданында да сумен қамтамасыз ету жүйесін салу көктемде басталады. Мұзтау (Бутаковка) елді мекені бойынша да сумен қамту және суды бөлу жүйесін салу жобасы жасалған және 2020-2021 жылдары жүзеге асады. Бұл мәселелер Сұлусай, Кеңсай ықшамаудандарында да шешіледі. Барлық жобаларды іске асыру барысында шамамен 7 мың тұрғыны бар 2500 үй ауыз сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз етіледі.
"Думан" ықшамауданындағы 57 көшенің инженерлік желілерінің құрылысы аяқталып қалды. Мұнда көшелер күрделі жөндеуден өткізіледі және абаттандырылады.
Ағымдағы жылы ұзындығы 78 км болатын газ құбырын (42 бау-бақша қауымдастығы, 2 МЖД, Мұзтау, Алатау ықшамаудандары және Широкая щель, Кеңсай, Тасты қырат елді мекендері) салу аяқталды, ол 2 мыңнан астам үйді (50 мың тұрғын) қамтитын болады.
Оқушы орнының тапшылығын жою үшін Думан ықшамауданындағы №172 мектеп жанынан 850 орынды қосалқы нысан салынуда. Самал-3 ықшамауданында 800 орынды мектеп құрылысы жүруде. Орманов көшесі (ШААЖ) көшесі бойында жеке инвестиция есебінен 540 орынды әмбебап мектептің құрылысы жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы