Сағынтаев Көк жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында жазды.
Сағынтаев Көк жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-министріне хат жолдады.Экологтармен жиі кездесемін. Көк жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым, - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Өзгелердің жаңалығы