Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Блокпостта міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетіні де айтылды.
Айта кетсек, бүгін таңертең Көксай ықшамауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде BMW маркалы көліктің мас жүргізушісі бетон қоршауды, кейін патрульдік көлікті соққан болатын. Апаттан Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов есімді полиция қызметкерлері мерт болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы