Сағынтаев: Алматы – тек тау шаңғысы курорты ғана емес
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тау шаңғысы аспектісінде тұралап қалмай, қаланың бай туристік әлеуетін дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Туристік кластерді дамыту туралы сөз қозғаған әкім ағымдағы курорттарды назарға алуды, бұлардағы көлік, тұру, тамақтану, жайлы жағдай жасау мәселелерін ретке келтіруді қадап тұрып айтты.
«Алматы туристер үшін тау шаңғысы базаларымен ғана тартымды болмауы тиіс. Іскерлік, мәдени, спорт туризмін дамытқан жөн. Мұнымен күн сайын және барлық бағыттар бойынша жұмыс жасау керек. Сонда ғана біз туристердің тек тауларымызды көру үшін ғана келмегендерін сезінетін боламыз», - деді Б.Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша 27 үй салынып жатыр
Келесі жаңалық
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы