Нұр-Сұлтанда С5+1 форматында кездесу өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары деңгейдегі кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның сыртқы істер министрлері және АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары қатысып жатыр.
ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов кездесудің 3 сессиясында талықаланатын мәселелерді атады.
«Бүгін күн тәртібінде отырыстың І сессиясында «Кәсіпкерліктің экономикалық қауіпсіздігін қолдау» мәселелері, ІІ сессияда Ауғанстанда бейбітшілік мәселелері, ІІІ сессияда Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады», - деді Атамқұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы