Сәуірде теңгенің жағдайы тәуір болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев валюта нарығы туралы айтты.
Биылғы жылдың сәуір айында ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақталды. ОПЕК+ мұнай өнімдерін қысқарту туралы қол жеткізген уағдаластық акциялар нарығындағы позитив жағдай экономикасы дамушы елдермен және мұнай экспорттаушы валюта нарығында теңге үшін оң үрдіс болды. Осылайша, сәуір айында ұлттық валюта 1 доллар үшін 424,57 теңгеге немесе 5,2 пайызға нығайды, - дейді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, реттеушісінің алтын валюталық резерві 700 миллион долларға өскен.
Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық банктің алтын валюталық резервтері осы жылдың сәуір айында алтын портфелінің өсуінен 37,5 миллиард долларға дейін 2,4 пайызға немесе 700 миллион долларға өсті. Бағалы металл бағасының өсуі 7 пайызға тең болды, - деді бас банкир.Карантинге байланысты көптеген кәсіпорын шектеулі режимде жұмыс істеді. Бұл шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне, нәтижесінде биржадағы сауда-саттық көлеміне әсер еткен.
Биылғы наурызбен салыстырғанда теңге-доллар жұбы валюталық сауда-саттығының көлемі 3,46 млрд АҚШ долларынан 1,72 млрд долларға дейін екі есе төмендеді. Шетел валютасына сұраныс экспорттаушы компаниялар қалыптастырған ұсыныстармен, ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферттерді бөлу мақсатында валюталарды сатумен, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімдердің бір бөлігін міндетті түрде сатуымен толық өтелді. Биылғы сәуірде квазимемлекеттік компаниялар іске асырған көлем 232 млн долларды құрады, - деді ұлттық банк төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚХА Мақтааралға 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы