Сәуір айына арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер сәуір айында ауа райы жылы және жауын-шашынды болады деп болжайды.
Осы айдың ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы болады – дейді синоптиктер.
Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны:
Еліміздің солтүстік жартысында түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С жылы;
Оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С.
Онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның кіруіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз +2+10°C-қа дейін, оңтүстік жартысында антициклонның ықпалы және ауа температурасының төмендеуі онкүндіктің соңында байқалады. Түнде термометрдің сынап бағаналары +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі рет суыту толқыны өтеді және ауа температурасы төмендейді:
Солтүстік жартысында түнде -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін;
Оңтүстік жартысында түнде 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін.
Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасын шығару арқылы күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін температуралық аяның жоғарылауы байқалатын болады.
Ескерту: Сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.