Сәрсенбі, 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың кейбір бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, оңтүстікте жауын мол көлемде жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Республиканың жекелеген аймақтарында осы күні найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жауады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Жел түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен есіп, екпіні 25 метр болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20, жекелеген аймақтарда 23-28 метр болуы ықтимал. 

Қостанай облысының бірқатар аумақтарында боран тұрып, тұман түседі, жел күшейіп, жылдамдығы секундына түнде 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні 23 метр болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қызылорда облысында түнде және таң ата кей жерлерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір бөліктерінде тұман түсіп, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы скундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, түнде кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. 

Ақтөбе облысында желдің жылдамдғы секундына 15-20 метрге жетеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы