Сәрсенбі, 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі.


Атап айтқанда, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. 

Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облысында дауыл тұрады. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз жел 15-20 м/с артады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы