Сұранысқа қарай дәрілерді бірден жеткізіп жатырмыз – "СК-Фармация"

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алғаш коронавирусқа қарсы шара басталғанда бірден 10 мыңға дейін ауруды дәрімен қамту жұмыстарын қолға алдық. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС-і басқарма төрағасы Берік Шәріп брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша коронавирусқа қарсы шара барысында аталған компанияға елді медициналық құралмен тұрақты қамту тапсырмасы қойылған, негізінен вирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорын жинау болған.
Осы жылдың 6 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі дайындық жұмыстарын бастап кетті. Оның бірі дәрілер қорын құру еді. Бірден 10 мыңға дейін ауруды қамту жұмыстары қолға алынды. Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты, дегенмен біз 10 мыңға деп қор жасадық. Медицина ұйымдарына сұранысқа қарай дәрілерді бірден жеткізіп жатырмыз,-дейді ол.
Сондай-ақ, ол дәріханалардағы дәрілердің бағасына "СК-Фармация" ЖШС-нің еш қатысы жоқ екенін айтты.
Олар бөлшек саудаға жататындықтан ондағы бағаларды монополияға қарсы агенттік реттейді,-дейді басқарма төрағасы. 
Сөз арасында ол, қазір дәрі-дәрмекті жеткізу мемлекеттік сатып алу электронды порталы арқылы іске асатынын айта келе оның тиімді жақтарына тоқталды.
2018 жылдан бастап біз электронды сатып алуды іске қостық. Қаржы министрлігімен бірлесіп электронды порталды жасадық, яғни мемлекеттік сатып алулар порталда ашық өтеді. Мұндағы ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Көптеген мердігерлер дәрілерді қымбатқа жеткізгісі келеді, ал біздің міндетіміз арзанға алу. Мемлекеттік сатып алулар жеткізушілер арасында бәсекелестік тудырды әрі өзінің тиімділігін көрсетті. 2018 жылы біз 26,5 млрд теңге үнемдедік, бұл 150 млрд теңгеге дәрі сатып алу кезінде болды. Ал 2019 жылы 22,1 млрд теңге үнемдедік. Сондай-ақ, бірнеше шетелдік компаниямен келісім жасап, олардан тікелей өнім алып жатырмыз,-деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы