СҚО әкімі: Балалардың денсаулығы бәрінен де маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң отырысында жаңа оқу маусымына дайындық барысы пысықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аудан әкiмдерiне қашықтық оқуына қажеттi интернетпен қамтамасыз ету тапсырылды. Мектептерді дәрi-дәрмекпен толық қамтамасыз ету жағы да бақылауда болады.
Экономияның арқасында маскалар, антисептиктер, дозаторлар, тепловизорлар мен қорғаныс құралдарын алып қою керек. Қазiр оқушылардың денсаулығы маңыздырақ. Қажеттi емес шығындарды қысқарту керек, - дедi облыс басшысы Құмар Ақсақалов.

Аймақта қосымша компьютер алу мәселесi де өзектi. Қазiр 580 компьютер алынды. Тағы 1 мыңға жуық алу көзделген. Өңiр басшысы компьютерi жоқ отбасылардың тiзiмiн жасап, барлық керек-жарақпен қамтамасыз етудi тапсырды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы