СҚО әкiмi: Арнайы экономикалық аймаққа ресейлiк бизнесмендер қызығушылық танытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс алаңдарында болды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Жас Өркен" ауданында жаңа электр станциясы салынуда. Бұл қаладағы алғашқы жабық станция болмақ. Жаңа ауданды электр жарығымен қамтамасыз етуге қажет нысан.

Облыс әкiмi тұрғын үйлердiң құрылысымен де танысты. Қазiр қалада 18 қабатты үйлер салынуда. "Береке" ықшам ауданында көшелердiң кеңейтiлуiмен де танысты.

Құмар Ақсақалов жаңа арнайы экономикалық аймаққа да барды. Бұл жерде бұрынғы ғимараттар қалпына келтiрiлмек.

"Келесi жылы темiр жол желiсiн тартамыз. Аймақтың өнiмi экспортқа жөнелтiлмек, сол себептi логистиканы ойластыру керек. Инвесторларды тарту қажет. Ресейде өтетiн форум аясында бизнесмендермен кездесiп, таныстыру жұмыстарын жүргiзу керек. Олар аймақта жұмыс iстеуге құлшыныс танытады деп ойлаймын", - дедi Құмар Ақсақалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы