СҚО кардиоорталығы цифрлы ангиографпен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО кардиоорталығы цифрлы ангиографпен толықты. Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Instagram желiсiндегi парақшасында мәлiмдедi.


Кардиорталыққа заманауи цифрлы ангиограф қойылды. Соңғы үлгiдегi қондырғы инсульт пен инфарктты емдеуде үздiк саналады. Облыстық ауруханаға дәл осындай ангиограф қоямыз, - деп жазды аймақ басшысы.

Сонымен қатар әкім ай соңына дейiн облыстық ауруханада МРТ аппаратының iске қосылатындығын жеткiздi.


Жыл соңына дейiн тағы 2 МРТ алынады. Келесi жылы 2 КТ аппараты қойылады.

Бұның барлығы солтүстiкқазақстандықтарға басқа өңiрлерге шықпай, сапалы ем алуға мүмкiндiк бермек, - деген Құмар Ақсақалов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы