СҚО-да Жаңа жылға қаржы бөлінбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі осылай деді. 

Баспасөз мәслихаты барысында сұрақ қойған журналистке берген жауабында өңір басшысы Құмар Ақсақалов биылғы жылы да Жаңа жылды тойлауға облыс қаржысынан ақша бөлінбейтінін айтты. 
Өздеріңіз білетіндей өткен жылы да біз жаңа жылды атап өтуге қаржы бөлген жоқпыз. Бұл үрдіс биыл да жалғасады. Егер Жаңа жыл мерекесін атап өткісі келгендер болса, бұрынғы пайдаланған заттарды қолдануларына болады, - деді әкім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы