СҚО-да сырқат саны артып келеді
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері СҚО-да дәрігер көмегіне жүгінетіндер саны күрт артқан. Әсіресе консультативтік-диагностикалық қызмет түрлерін пайдаланушылар қатары көбейген.
Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылдың қаңтар айында 125 мың адам дәрігер көмегіне жүгінсе, биыл бұл көрсеткіш 52 пайызға жоғары. Мамандардың айтуынша әсіресе магнитті-резонанстық таммограф пен компъютерлік таммографқа сұраныс артқан. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен ауылдық ауруханаларда өткен пресс-тур барысында айтылды.
Темірболат Қабдолбариев Тайынша ауданының Келлеровка ауылдық медициналық амбулаторияның тұрақты емделушісі. Қан қысымы жиі көтеріліп, мазасын алатын ауыл тұрғыны дәрігерге жиі келіп тұрады. Ол міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйсеі күшіне енгеннен бері дәрігерлік көмек қолжетімді бола түскендігін атап өтті.
Денсаулығыма байланысты ауруханаға жиі келемін. Күндізгі стационарда керекті дәрі-дәрмекті уақытылы аламын. Жаңа жүйе өзім сияқты зейнеткерлер үшін жақсы. Дәрілердің тегін берілетіні қуантады. Денсаулық нашарлған кезде, ауруханаға жатып емделемін - дейді ауыл тұрғыны.
Келлеровка елді мекенінің медициналық амбулаториясында он жеті ауылдан 7 жарым мыңнан астам тұрғын тіркеуде тұр. Күн сайы орта есеппен 300 адам медициналық көмекке жүгінеді. Жаңа жүйе енгізілгелі күндізгі стационар мен стоматологиялық қызмет түрлеріне сұраныстың арқаны байқалады.
Жағдайы ауыр сырқаттарға тәуліктік медициналық жәрдем береміз. Медбикенің қарауын керектенетіндерге арнайы жатын орындар қарастырылған. Ауданда қариялар баршылық. Олардың жиі сырқаттанатыны заңды құбылыс. Сондықтан ауруханада жатып, 10-15 күндеп ем алады, - дейді Тайынша қаласындағы ауданарылық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Анатолий Рафальский.
Аудан орталығы Тайынша қаласындағы көпсалалы ауруханаға жергілікті тұрғындармен қатар, жақын маңдағы Ақмола облысының тұрғындары да келе алады. Жыл басынан бері денсаулық сақтау ұйымы халыққа ұсынылатын қызметтердің түрін көбейтіпті.
Медициналық қор дәрігерлік қызметің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді. Тұрғындардың шағымы есепке алынып, олқылықтар жөнделеді. Тың жүйе енгізілгелі медицина ұйымдары пациенттерге неврология бейіні бойынша бір жарым есе көп қызмет түрін көрсеткен, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ СҚОФ директоры Лариса Гордеева.
Өткен жылы Тайынша аудандық ауруханасына компьютерлік томограф орнатылдық. Қазан-ақпан айларында медициналық аппараттың қызметін 1 мыңнан астам алам пайдаланып үлгеріпті. Мамандар нәтижесінде диагностика сапасы артқанын атап өтті.