СҚО-да шұғыл қимылдау штабы жұмыс iстеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да шұғыл қимылдау штабы жұмыс iстеуде. Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Facebook-тегi парақшасында жазды.

Бүгiн шұғыл қимылдау штабының отырысын өткiздiм. Жиында коронавирусты болдырмау және оның таралуына жол бермеу сұрақтары қарастырылды. Санитарлық бақылау күшейтiлдi. Оған қоса, азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселесi де өзектi, - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар аймақ басшысы бүгiнде облыста азық-түлiк тауарларының қоры жеткiлiктi екенін айтқан.

Қобалжуға еш себеп жоқ. Барлық сұрақтар менiң жеке бақылауымда, - деп жазды Қ. Ақсақалов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы