СҚО-да инновациялық жобалардың арқасында салық түсiмі 40% артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң отырысында мемлекеттiк индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асқалы облыста 52 миллард теңгенiң 65 жобасы iске қосылғаны айтылды.
«Сол кезден бері 2300 адам жұмыспен қамтылды. Екiншi бесжылдық аясында 37 миллард теңгеге 41 жоба жүзеге асып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.Бағдарламаның жүзеге асырылуы өндiрiс көлемiн ұлғайтып, салық түсiмдерiн 40 пайызға арттырды»,- делінген хабарламада.
Биыл облыста 19 миллард теңгенiң жобасы iске қосылады. Жобаның көпшілігі Петропавлда, ал Мамлют ауданында бiрде-бiр өндiрiс ашылмаған. Есiл ауданында 1 ғана жоба бар. Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне аталған мәселелердiң шешiмiн тауып, тиiстi ұсыныстар жасауды тапсырды.
«Бiзде 3-бесжылдыққа жоспарларымыз көп. Басым бағыттар баршылық: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, құрылыс саласын дамыту, «қарапайым заттар экономикасы». Өңiрлiк басқарма кәсiпкерлердi барлық сұрақтар бойынша қолдауы керек», — дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.