СҚО-да бір апта ішінде 600-ге жуық адам тұмау жұқтырған
Астана, baq.kz. Солтүстік Қазақстан облысында эпедимиологиялық жағдай қиындап кетуі мүмкін. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Айналасы бір аптаның ішінде өңірде 600-ге тарта адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырып, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Олардың жартысынан астамы мектеп жасындағы балалар. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлап отыр.
Сондай-ақ қыс басталғалы бері облыст 5 адамнан «В 1» және «А/Н1N1» типті тұмау түрлері анықталған. Аталған індеттің жайылуына ауа райының құбылмалы болуы басты себеп. Сондықтан дәрігерлер сақтық шараларын күшейту керектігін ескертеді.
«2018 жылдың бірінші қазанынан бастап өңірде он екі мыңнан астам адам респираторлық вирус жұқтырыпты. Сәйкесінше, былтыр облыстық бюджеттен 51, 5 миллион теңге қаржы бөлініп, оған 60 мыңнан астам епе сатып алынды. Егу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Қазіргі таңда бұл шаруалар емханаларда әлі жалғасын табуда. Тек ақылы түрде», - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Фарида Мұхамеджанова.