СҚО-да бетперде кигендер 170 млн теңге ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері Ақжар ауданы Талшық ауылында 170 млн теңгені ұрлап кеткен қарақшыларды іздестіріп жатыр.
Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 қараша күні кешкі сағат 19:15-те бетперде киген 4 ер адам "Талшық Астық LTD" ЖШС ғимаратына кіріп келіп, фирма жетекшісін қарумен қорқытып, 170 млн теңге мен екі ұялы телефонды қолды қылған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-тармағы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестіріне тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанды газбен қамту кезең-кезеңімен іске асырылады
Өзгелердің жаңалығы