СҚО-да 600 шақырымға жуық жол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 8998 шақырымды құрайды. Биыл жөндеу жұмысымен жолдардың 580 шақырымы қамтылды, - делінген хабарламада.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге 18,6 млрд теңге бағытталды. Бөлінген қаржының 15,3 млрд теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Қаржыландыру есебінен өңірдегі жолдардың 8 шақырымы қайта жаңартылып, 17 шақырымы күрделі, 333 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жол төсемдерінің 240 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделуде.

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Олардың 86,4% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Жергілікті желіге тиесілі 7530 шақырым жолдың 39% нашар жағдайда деп бағалануда.

Еске салайық, 2019 жылы республика бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 4,6 мың шақырымы жөндеу жұмысымен қамтылған. Бұл мақсатқа 218 млрд теңге бөлінген болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы