СҚО-да 1700 орындық 4 студенттiк жатақхана салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысында жатақханаларда студенттерге орын жетiспеушiлiк мәселесi бiртiндеп шешiлiп келедi. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
Петропавлда инвестор Денис Бернат 1700 орынға шақталған 4 жатақхана салуды көздеп отыр. 280 орындық бiрiншi жатақхана қолданысқа берiлдi. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жаңа жатақханада болып, студенттермен тiлдестi.
Қазiр Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 7 мың студент бiлiм алуда, оның 3158-i басқа қалалардан келген. Осы күнге дейiн 1776 студент баспанамен қамтылған жоқ. Орын жетiспеушiлiк мәселесi жаңа жатақханаларды салу арқылы шешiлуде.
«Елбасының «5 әлеуметтiк бастамасы» аясында бiз университет басшылығымен бұл мәселенi жүйелi түрде шешiп жатырмыз. Бұл жұмысқа жеке инвесторлар тартылуда. Олар 280 орындық жатақхананы қайта қалпына келтiрдi. Жаңа оқу жылында 330 орындық тағы бiр жатақхана ашылады. Сөйтiп, тек бiр жылдың iшiнде 610 студент баспанамен қамтылады. Яғни, орын жетiспеушiлiк 34% қысқарып, 1116 орынды құрамақ. Мәселенi толық шешу үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланамыз», - дедi Құмар Ақсақалов.
Жаңа оқу жылында СҚМУ-де 8 мың студент оқитын болады. Өңiр басшысы тиiсiнше орындар да көбею керек дегенді айтты.