СҚО басқарма басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚО әкімі аппараты басқармалары бірінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.


Олар алдын ала сөз байласу арқылы мердігерлік ұйым директорынан 2 млн 600 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алу күдігіне ілінді.

Лауазымды тұлғалар ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, Петропавл қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мән-жайлар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы