Сүндет Байғожин Гүлшара Әбдіқалықованың кеңесшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сүндет Байғожин тағайындалды.
Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында "Жеке ән айту" мамандығы бойынша білім алды. "Астана Опера" театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
Опера майталманы Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға шықты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы