Сұлтанов қыз-келіншектерге табыс тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қыз-келіншектердің 8 наурыз әйелдердің Халықаралық мерекесімен құттықтады.
Құрметті әріптестер - біздің ұжымның әдемі бөлігі! Сондай-ақ бизнестегі ханымдар және барлық сұлу әйелдер қауымы! Сіздерді 8-Наурыз мереке күнімен құттықтаймын! Тек ошақ сақтаушысының рөлін атқару әлдеқашан келмеске кеткен, бүгінгі күнге орысша "слабый пол" деген нәзік әйелдер еркектер қауымынан кем түспейді. Заманауи әйелдер қамқор ана рөлінде де табысты және үйдегі жайлылықты сақтайды. Сонымен бірге өзін-өзі іске асырудан, оның ішінде бизнес арқылы дамудан бас тартпайды - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап қазақстандық әйелдер кәсіпкерлік қызметке белсенді қатысады.
Сонау қиын 90-шы жылдары олар сауда бизнесі әлеміне "сүңгіді". Олардың нәзік арқаларында біздің және басқа да посткеңестік елдерде көптеген кішігірім базарлар және "алып-сатарлық бизнес" құрылды. Уақыт өте олардың қызметі кеңейді. Бүгінгі күнге әйел кәсіпкерлігі – еліміздің экономикасын дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Статистикалық деректерге сәйкес барлық жалпы ішкі өнімнің 39%-ын әйелдер қалыптастырады, әйелдердің экономикалық белсенділігі − 66,6%-ды құрайды. Шағын және орта бизнестегі бүкіл жұмыс орындарының шамамен үштен бірін (26 мыңға жуығын) кәсіпкер әйелдер қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнестің қолданыстағы субъектілерінің жартысына жуығын (30 мың шамасында) әйелдер басқарады - дейді министр.
Ол әйелдердің кәсіпкерлігі сондай-ақ көтерме және бөлшек сауданы да қамтитынын атап өтті.
Осы саладағы барлық кәсіпорынның 60%-нан астамын Қазақстан әйелдері басқарады (және солардың меншігінде). Яғни, бөлшек сауда (11345,7 млрд. теңге) мен көтерме сауданың (26127,4 млрд. теңге) жалпы көлемінің жартысынан көбін кәсіпкер әйелдер қамтамасыз етеді. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдер өз бизнестерін бастаса "соңына дейін барады": оларға табиғатынан барлығы үшін үлкен жауапкершілік артылған. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері бүгінгі күнге өздерінің жасампаз күшінің арқасында ең жоғарғы деңгейде айналысатын өздерінің тауашаларында табысты. Құрметті ханымдар, Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және әрдайым осылай әдемі, ерекше, сенімді, еңбекқор, нәзік, жылы шырайлы және сұлу болып қала берулеріңізді тілеймін! Сіздердің күн сайын және әр сәтте махаббат пен қамқорлық, адалдық пен шынайылық, көмек пен қолдауды сезінулеріңізге тілектеспін! Сіздерге бақыт, қуаныш және армандарыңыздардың орындалуын тілеймін! - деді Бақыт Сұлтанов.